×

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Ол 8 жылдан аса уақыт сот төрелігінен жасырынып жүрген

 Динара Амантай 02.12.2022 | 10:55
Фото: rollingstone.com

Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 қарашада облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан аса уақыт сот төрелігінен жасырынған Ресей Федерациясының азаматын ұстаған. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінде ұсталды.

Күдікті ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі («Зорлау») бойынша іздеуде жүрген.

Қазір ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама