×

Қайрат Құдайбергеннің қамауда отырып жазған өлеңі жарияланды

Алдағы уақытта осындай өзге де шумақтарды жариялап отыру уәде етілген

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2022 | 15:40
фото: Владислав Воднев

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасына оның қамауда отырып жазған бір шумақ өлеңі жарияланды.

Бір шындық бар айтылмаған қаңтардағы,

Сол шындықты ешкім іздеп таптырмады.

Әділдікті ту етеміз деген билік,

Неге менің шындығымды жақтырмады? - деп жазған ол.

Өлеңді желіге туыстары жүктесе керек, алдағы уақытта осындай өзге де шумақтарды жариялап отыру уәде етілген.

«Қайраттың жазған өлеңінің бірінші шумағы. Күніне өлеңнің бір шумағын жариялайтын боламыз. Ал сіздер, құрметті оқырман, әрбір сөзді саралап, жауап табуға көмектесіңіздер. Ойыңыз қалай? Пікір қалдырып, келесі шумақты күтіңіз!» - делінген онда.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 22 сәуірде қамауға алынған болатын. Қаңтар оқиғасы кезінде «Дикий Арманның» қасында жүрген ол да тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама