×

«Үлкен апат болуы мүмкін». Павлодар облысының әкімі бейнеүндеу жариялады

Бүгін сағат 11-дегі жағдай бойынша су тұтыну көлемі 3 есе артқан

 Ербол Тұрымбет 27.11.2022 | 13:05
Фото: inform.kz

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, оған қазір жұрттан көптеген шағым түсіп жатыр екен. Бірақ оның барлығына жауап беріп отыратын уақыты жоқ көрінеді. Өйткені ол бүгін таңертеңнен бері Екібастұз қаласында жүр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен қала әкімі, «Павлодарэнерго» АҚ пен Екібастұз ЖЭО басшыларынан штаб құрылған. Әкімнің айтуынша, бүгін сағат 11-дегі жағдай бойынша су тұтыну көлемі 3 есе артқан. Станцияның өзінен су кетіп тұрған-тұрмағаны да сынақтан өтті. Бірақ станцияның өзі аман. Демек мәселе жылу желілерінде болып тұр.

Бірнеше дрон ұшырылып, 10 жерде ақау бары анықталған. Қазір жөндеу бригадалары құрылып, ақауды жөндеп жатыр. Дегенмен жылу желілерінде бұдан басқа да үлкен апат болуы мүмкін. Құрылған штаб сондай апаттың бар-жоғын анықтап жатыр. Біз тұрақты хабарлап отырамыз. Екібастұз қаласы тұрғындарын сабырға шақырамын. Жедел желі іске қосылды. Бүкіл сұрақ бойынша әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына хабарласуды сұраймын. Нөмірлері сіздерге хабарланады, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Сондай-ақ облыс басшысының бірінші орынбасары мен Екібастұз қаласының әкімі ПИК төрағаларымен кездесіп, мұндай жағдайда не істеу керектігін түсіндіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама