×

Сайлаудың нәтижесін халықтың батасы деп қабылдаймын – Тоқаев

Ол халықтың үмітін ақтауға бар күшін салатынын атап өтті

 Дәурен Ерболат 26.11.2022 | 11:16
Фото: liter.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада өткен кезектен президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес.

Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма – батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау – ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік, - деді президент ұлықтау рәсімінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білетінін атап өтті.

«Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Астанада президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама