×

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Олар қазақстандықтарды көліктерді қымбатқа сатамыз деп алдаған

 Дәурен Ерболат 26.11.2022 | 09:41
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полицейлер қаржы пирамидасын ұйымдастырған деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері автоломбард түріндегі қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың және деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды.

Олар қаржы пирамидасы құрған. Жалған шарттарға сәйкес ұйымдастырушылар салымшыларға көліктерді нарықтық бағадан қымбатқа сатып алуға уәде берген. Алайда автомобильдер нарықтық бағадан екі немесе одан да төмен бағаға үшінші тарапқа сатылған, ал төлемдер жаңа «клиенттерді» тарту арқылы жүзеге асырылған,- деп жазылған хабарламада.

Арнайы операцияны жүргізу барысында ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық Экономикалық тергеу департаментінің мамандарымен бірлесіп, қаржы пирамидасы ұйымдастырды деген күдікпен 2 күдіктіні және басқа да адамдарды ұстады.

Тінту барысында арнайы техника, компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары, электронды жад тасымалдағыштар, ұялы телефондар тәркіленді.

Бүгінде қаржы пирамидасының басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды. Бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама