×

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар адам жауапқа тартылды

Оған соттың шешімі бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 13:23
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қос азаматтығы бар адам жауапқа тартылды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, көші-қон қызметінің қызметкерлері Риддер қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, ол туралы тиісті мекемелерге хабар бермеген.

Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа елдің азаматтығын алған адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті. Алайда Ресей Федерациясының паспортын алған азамат тиісті ведомствоға хабарласпаған. Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола отырып, елімізде қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Азаматтар әлеуметтік, зейнетақы мен басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін Қазақстанның азаматтығынан бас тартқысы келмейді. Сол себепті, қос елдің азаматтығын алған адамға соттың шешімі бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіттен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру рәсімделді, –  делінген хабарламада.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаевтың айтуынша, жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті 50-ден аса қос азаматтық фактісін анықтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама