×

«Ауылдан көшу статистикасы 20 пайызға өсті». Жастар қалада 4 мың теңгеге жалданып жүр

2,5 пайыздық несиені ауыл жастарына беру қажет

 Еркеғали Болатұлы 25.11.2022 | 11:26
фото: qamshy.kz

Урбанизация ушығып тұр. Ауылдан қалаға жұмыс іздеп келушілер азаяр емес. Күн көрудің қарекетімен жүргендер жалданып жұмыс істейді.

Кеше «Астана» телеарнасының тілшісі жұртшылық «Құлбазар» атап кеткен жерде кейіпкер кейпіне еніп көріпті. Жалданып жұмыс істейтін жігіттер оған күн суытқалы жұмыс азайып кеткенін айтқан. Қолыңнан іс келмесе, ешкім жалдамайды да екен. Тіпті, жұмысшы іздеп келушілер жоқтың қасы. Келгеннің өзінде қар күреуге күніне небәрі 4 мың теңге төлейді. Амалы жоқтар соған да бара береді.

Жалдамалы жұмысшылардың көбінде тұрғылықты мекенжайда тіркеуі жоқ. Сондықтан жұмыссыз ретінде тіркеліп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдалана алмайды.

Ауылдан көшу статистикасы 20 пайызға өсті. Мен оны агенттік статистикасынан көрдім. Бұған себеп – ауылда тұрақты жұмыс жоқ. Табыс көзі төмен. Жайылымдық жердің жетіспеушілігінен дүйім жұрт күн көремін деп қалаға келеді.

Бұл – мәселені шешетін жол. Ауылға қаражатты күшейту керек. 2,5 пайыздық несиені ауыл жастарына беру қажет», - деп мәселе көтерді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама