×

Ақмола облысында жолдар жабылды

Барлық автокөлікке тасжолға шығуға шектеу қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 09:49
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық автокөлікке тасжолға шығуға шектеу қойылған.

Астана уақыты бойынша 23:30-да үш бағыттағы тасжол қозғалысы шектелді.

Жақсы – Есіл – Бұзұлұқ 0-82 шақырым, Жақсы кенті – Бұзұлұқ кенті;

Қостанай – Әулиекөл – Сұрған 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті;

Жезқазған – Петропавл 537-552 шақырым, Бұзұлұқ кенті – Сұрған кенті жабық.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама