×

ҚазАвтоЖол алыс жолға шығатындар үшін жағымды жаңалық жариялады

«Sapar» қосымшасында ақылы жолдар, жол бойындағы дәмханалар туралы ақпарат жинақталған

 Халық үні 24.11.2022 | 14:35
Фото: almaty.tv

Қазақстанда «Sapar» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады.

Тасжолдарды цифрландыру аясында онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігін беретін «Sapar» мобильді қосымшасын іске қосты, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Sapar» республикалық маңызы бар жолмен жүретіндерге күре жолдардағы ахуал туралы ақпарат береді. Оның ішінде тасжолдардың ашық-жабық екені, айналма жол туралы ақпарат, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдар, ауа райы, ақылы жолдар туралы ақпарат болады.

Мобильді қосымшада республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат жинақталған.

Қосымшаны пайдаланушылар жол бойындағы сервис объектілері көрсететін қызметтердің сапасын бағалай алады.

Ал республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттырып, жолаушылармен кері байланысты нығайту мақсатында қосымшада ҚазАвтоЖолдың call-орталығы (1403 қысқа нөмірі бойынша) және 112 қызметіне хабарласу функциялары бар.

Қосымша PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада AppStore-да пайда болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама