×

Германия мұражайынан XX ғасырда табылған алтын қазына ұрланды

Жоғалған монеталардың құны миллиондаған еуроға бағаланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 12:26
фото: info24.ru

Германия мұражайынан 1999 жылы табылған 483 алтын монеталар ұрланған. Қолды болған қазынаның б.з.б. дәуірге жататын көне жәдігер екендігі белгілі болды.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, белгісіз ұрылар Баварияның Манчинг қаласындағы мұражайға кіріп, ол жерден ең құнды жәдігер – құны миллиондаған еуроға бағаланған 483 алтын монетаны ұрлап кеткен.

Полицияның дерегіне қарағанда, бұл XX ғасырда табылған ең үлкен алтын қазына саналған. Жалпы салмағы шамамен 4 келі болатын тиындар 1999 жылы Рим империясының Кельт бекінісінде Манчинг оппида деп аталатын қазба жұмыстары кезінде табылған.

«Кельт қазынасының жоғалуы – бұрын-соңды болмаған оқиға, ал алтын монеталар біздің тарихымыздың айғағы ретінде орны толмас қазына еді», –  деді Баварияның Ғылым және өнер жөніндегі мемлекеттік министрі Маркус Блуме.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама