×

Талдықорғанда таксист клиентін пышақтап кетті

Аталған дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 22.11.2022 | 15:22
Фото: italki.com

Талдықорғанда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдаған. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салады. Жолаушылар оған дөрекі жауап қайтарып, ер адамдардың арасында жанжал туындаған. Төбелес кезінде көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттайды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сәйкес жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама