×

Халық енді өз мәселесімен тікелей прокурорларға жүгіне алады

Прокуратура істі өзі қарап, тиісті шаралар қолдануға міндетті

 Еркеғали Болатұлы 22.11.2022 | 09:56
фото: ашық дереккөз

Енді прокурорлар тұрғындардан түскен шағымдарды тікелей өздері қарайды. Оларға қойылатын басты талап – арыз түскен бойда істі дереу қарап, мәселені шешу.

Бұрынғы тәжірибеге сәйкес, көптеген шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілетін. Ал енді мемлекеттік орган шағымдарды қарамаса, не уәкілетті орган болмаса, прокуратура істі өзі қарап, тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын ұстана отырып, прокурорлардың өтініштерді қарау негіздері толықтырылды. Елімізде конституциялық сот құрылғанын және келер жылдан бастап азаматтар онда Нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тікелей жүгіне алады», - деп атап өтті Бас прокуратура халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Артур Ластаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама