×

Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқ ұсталды

Ол халықты 180 млн теңгеге алдап, 9 жылға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2022 | 13:31
фото: видеодан кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің басшысын ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті хабарлады.

ЖШС-нің басшысы Ирина Яковлева 5 жыл бойы салымшыларды алдап, олардан 180 млн теңге көлемінде пайда тапқан. Сотта оның айыбы дәлелденіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Департаменттің хабарлауынша, «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС 2015-2020 жылдар аралығында жұмыс істеп, салымшыларға теңгемен есептегенде жылына 24 пайыз, шетел валютасымен санағанда жыл сайын 6 пайыз немесе салынған ақшадан ай сайын 5 пайыз табыс табуға болатынын айтып, сендіріп келген. Алаяқтың «бизнесі» өрге домалап, ол Павлодар облысында да филиал ашып, жұмыс істеген. Алайда алаяқтың бұл ойы іске аспай, дер кезінде ұсталып, сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама