×

20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды (ВИДЕО)

Ер адам 2002 жылы өз елінде ауыр қылмыс жасаған

 Динара Амантай 19.11.2022 | 16:21
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады. Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ер адам қамауға алынды, – деді Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Сұлтанбек Үсіпбеков.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама