×

Талдықорғанда 12 жастағы қызға тиіскен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Оның басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр

 Динара Амантай 18.11.2022 | 17:10
Фото: polisia.kz

Талдықорған қаласында полицейлер жасөспірім қызға шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

16 қарашада Талдықорған полицейлеріне көшелердің бірінде белгісіз адамның 12 жастағы оқушыны аңдып, тиіспек болғандығы туралы хабар келіп түскен. Оның азғындық әрекетке оқталу сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің нақты белгілерінің бірі – қызыл күртеше.

Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам Талдықорған қаласының полиция бөліміне жеткізілді, — деді Жетісу облыстық ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабы («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама