×

«Ақша бірінші орынға шықты». Ақын арзан атақ қуған «қаламгерлердің» көбейгенін айтты (ВИДЕО)

Бізде батыстағыдай баспагер жазушының артынан жүгірмейді

 Еркеғали Болатұлы 18.11.2022 | 10:30

Қазір жазушы мен ақыннан арзан атақ қуғандарды айыра алмайтын жағдайға жетіп қалдық. «Сұрауы бар» Youtube арнасына сұхбат берген ақын Ғалым Жайлыбай осылай деп іштегі ренішін айтты.

Қазір бәрін нарық биледі. Ақша бірінші орынға шықты. Қаражаты бар адамға ақын да, жазушы да барады. Кітаптарымды шығарып бер деп. Соның көпшілігі шын мәнінде қаламгерлер емес. Қазір жазушы мен ақыннан арзан атақ қуғандарды айыра алмайтын жағдайға жетіп қалдық, - дейді ол.

Оның үстіне қазір жазушы мен ақынның кітабын шығаруға тек мемлекет қана мүдделі. Себебі бізде батыстағыдай баспагер жазушының артынан жүгірмейді. Ал әдеби агент жалдауға қалам ұстағандардың қаражаты жоқ.

«Таза бәрін жоққа шығаруға болмас. Себебі бізде әртүрлі бағдарламалар министрлік арқылы өтіп, мемлекет те кітаптарды шығарып беріп жатыр. Әлі де мемлекет маңдайынан сипап жатыр. Ал шетелде көп жағдайда әдеби клубтар жұмыс істейді. Әдеби агенттер бар. Оны ұстау бізге мүмкін емес. Ол үшін қаламгерде қаражат болуы керек», - дейді Ғалым Жайлыбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама