×

«Мектепте бомба бар». Атырауда бұзақы ұсталды

Тұрғын 23 жаста екен

 Халық үні 02.03.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

«Мектеп ішінде жарылғыш зат бар» деп жалған хабарлама берген атыраулық құрықталды.

Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 номеріне белгісіз тұрғын қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан орта мектеп ғимараттарының бірінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Сақшылар жедел түрде тиісті шаралар қолданып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады, – дейді полиция.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Наркологиялық сараптама қорытындысымен аталған азаматтың «жеңіл дәрежедегі» мас күйде екені анықталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актiсi туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23