×

Қазақстандық студенттердің Ресейде оқуға деген қызығушылығы азайған

Тек 1 студент РФ-да оқуға ниет танытқан

 Дәурен Ерболат 16.11.2022 | 16:28
Коллаж: Halyq Uni

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттердің Ресейде білім алуға деген қызығушылығы төмендеген. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазақстандықтар аталған бағдарлама бойынша 8 университетте оқи алады.

«Ресейде 236 университет бар. Қазіргі біздің тізімде 8 ресейлік жоғары оқу орны тұр. Бүгінде академиялық оқуда («Болашақ» бағдарламасы бойынша – авт.) степендианттар жоқ тек тағылымдамадан өтіп жатқандар бар. Бұл – көбіне ғалымдарға арналған тағылымдама. Былтыр біз 500 ғалымды таңдап, оларды шетелге тағылымдамаға жібердік. Нәтижесінде бізде 10-ға жуық ғалым бітірді. Қателеспесем, 2-3 ғалым әлі тағылымдамадан өтіп жатыр. Алдағы уақытта олар тағылымдаманы аяқтап, Қазақстанға оралады», – деді Әнуар Жанғозин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бүгінде тек 1 қазақстандық үміткер Ресейдің өнер университетіне түскенін жеткізді. Бірақ оған «Болашақ» стипендиясын тағайындау бойынша шешім қабылдабаған.

Басқарма төрағасы соңғы уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейде оқығысы келетін қазақстандықтардың саны азая бастағанын жеткізді. Бірақ ол нақты деректерді айтқан жоқ.

Биыл былтырға қарағанда қазақстандық студенттердің («Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресейде оқуға деген – автор) қызығушылығы жоқ екенін байқап отырмыз, – деді Әнуар Жанғозин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама