×

Алматыда Ресейдің Украинаға шабуылын қолдаған әншінің концерті өтпейтін болды

Әншінің ресми сайты концерт туралы ақпаратты өшіріп тастады

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2022 | 15:32
фото: Komsomolskaya Pravda

Алматыда Ресей әншісі Полина Гагаринаның концерті өтпейті болды, деп хабарлады arbat.media.

«Обезоружена» атты концерт 2023 жылғы 14 ақпанда Almaty Arena-да өтуі керек еді. Билеттер сатыла бастағанда бұған әлеуметтік желі қолданушылары «шоу болмасын, Гагарина Қазақстанға келмесін» деп қарсы шықты.

Оған әртістің Ресейдің Украинаға соғыс ашқанын ашық қолдағаны түрткі болып отыр. Айта кетсек, ол биылғы наурызда Ресейдің Қырымды аннекциялағанына арналған концертте өнер көрсеткен болатын.

Сыннан кейін концерт туралы ақпаратты билет сататын сайттар, кейін әншінің ресми сайты өшіріп тастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама