×

Президент ел тағдырына алаңдамайтын байларды «жай қалдырмайтынын» ескертті

Әлеуметтік жауапкершілікке үндеу - олар үшін «бос әңгіме»

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2022 | 12:20
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына үлес қосқысы келмейтін бай бизнесмендер туралы айтты.

Оларды өзінің әлеуметтік салаға ақша құюға, қоғамдық маңызы бар жобаларды дамытуға үнемі шақыратынын атап өтті.

Бірақ олардан жауап ретінде түсініксіз сылтауларды естимін. Олардың шет қалғанын, халықтың өмірін жақсартуға құлшынысы жоқ екенін көремін. Шамасы бұл олардың ел тағдырына алаңдамайтынын, ал әлеуметтік жауапкершілікке үндеу олар үшін «бос әңгіме» екенін білдіреді. Мұндай позиция мәселе тудырады және біз бұдан қорытынды жасаймыз, - деді Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде.

Сондай-ақ ол басқа елдерде дәулетті адамдар ішкі проблемаларды шешуге ғана емес, өз бизнес байланыстарын пайдаланып, шетелде де ұлттық мүддені ілгерілетуге көмектесетінін атап өтті.

«Біздің елге белсенді азаматтық патриотизм қажет. Айналадағының бәріне «бұл менің шаруам емес» деп қарауға болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама