×

Ақмола облысында үй өртке оранып, үш адам қаза болды

Қаза тапқандардың екеуі бұл үйге қонаққа келген

 Қымбат Елтайқызы 01.03.2022 | 17:23

Бүгін Бұланды ауданының Купчановка ауылында аумағы 81 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан 1976, 1986 жылы туған екі әйел, 1994 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Үй отқа оранған кезде адамдардың бірі сыртқа шығып үлгеріп, оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған.

Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі – 46 жастағы әйел ұлының кәмелет жасқа толғанын достарымен бірге атап өтпек болған. Кейін үйден өрт шығып, қонақтардың екеуі үй иесімен бірге қаза тапқан.

Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешовтің айтуынша, өрт түнгі сағат 04:55-те толық сөндірілген. Макинск қаласы мен өрт шыққан Купчановка ауылына дейінгі қашықтық 25 шақырымды құрайды екен. Оқиға орнына департаменттің 11 қызметкері мен 3 техника барған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама