×

Қазақстандықтар енді Қытай елінің аумағына тексерістен өтіп қана кіре алады

Арыз өңделіп болғаннан кейін Қытай елішігінен немесе бас консулдығынан жасыл код беріледі

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2022 | 12:23
фото: ашық дереккөз

Қытай өз аумағына кіретін қазақстандық жолаушылар үшін талапты өзгертті. Мұны осы мемлекет елшілігінің сайты хабарлап отыр.

Сайт дерегінше, енді Қазақстаннан Қытайға баратын азаматтар ұшаққа отырардан 48 сағат бұрын елімізде ресми тіркелген зертханада ПТР-тест тапсыруға тиіс.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Қытайға аттанарда денсаулық кодын алуға өтініш жазуы керек. Ал арыз өңделіп болғаннан кейін оларға Қытай елішігінен немесе бас консулдығынан жасыл код беріледі. Жолаушылар оны авиациялық рейске тіркелерде ұялы телефондарынан көрсетуі қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама