×

«Жұмысшылар жаңа басшымен жұмыс істеуге қарсы»: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр

Болат Нұрабаев Қарағандыға 17 қазанда Алматы облысынан ауысып келген

 Айнұр Шошаева 14.11.2022 | 15:32
сурет: 365info.kz/

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясындағы дауға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымы жаңа басшысымен жұмыс істеуге қарсылық білдіріп жатыр» деген ақпарат тараған болатын. Белгілі болғандай, инспекцияның жаңа басшысы Болат Нұрабаев Қарағандыға 17 қазанда Алматы облысынан ауысып келген. 

2020 жылы Талдықорғанда оның қол астында істеген қызметкерінің бірі пара алғаны сотталған.  2022 жылдың басында тағы үш қызметкері жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталды деген ақпарат таратылды.

Қарағандылық инспекцияның 15 қызметкері онымен жұмыс істеуге қарсылық білдіріп, министрлікке шағымданды. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады. 

Инспекцияның басшысының келгеніне көп болған жоқ. Қазір ұжымдық шағым бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру аяқталғанша ол жұмысынан уақытша шектетілді, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама