×

Осы аптада әлем халқының саны 8 млрд адамға жетеді

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2022 | 14:20
фото: ашық дереккөз

Қараша айының ортасында әлем халқының саны 8 млрд адамға жетеді деп болжанып отыр. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтт.

Ол алдағы онжылдықтарда халқы иез көбейіп жатқан елдер  орнықты даму мен өркендеудің жолына түседі деген үмітін білдірді.

«Қараша айының ортасында әлем халқының саны сегіз млрдқа жетеді. Бұл тамақтану, денсаулық сақтау және санитария саласындағы ғылыми жетістіктердің дәлелі», –  деді БҰҰ басшысы.

Сонымен бірге ол демографиялық жетістіктер миллиардтаған адамның қиын жағдайда өмір сүруіне, жүздеген миллион адамның тамақтанбауына және тіпті аштыққа ұшырауына байланысты екенін атап өтті.

«Қазір көптеген адам соғыс пен климаттық апат салдарынан үйлерінен кетуге мәжбүр болып отыр.

Егер біз байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жоймасақ, әлемде шиеленістер мен сенімсіздіктер, дағдарыстар мен қақтығыстар жалғаса береді», – деп ескертті БҰҰ Бас хатшысы.

Оның айтуынша, бірнеше миллиардер адамзаттың байлығын басқарап жатыр. Әлемдегі ең бай адамдардың бір пайызы әлемдік табыстың бестен бір бөлігі. Ең бай елдердегі адамдар кедей елдердің тұрғындарына қарағанда 30 жылға ұзағырақ өмір сүре алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама