×

Бір тәулікте 59 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Өлім-жітім болған жоқ

 Ая Өміртай 12.11.2022 | 11:27
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 және пневмонияның үш жағдайы тіркелді. Өлім-жітім болған жоқ.

Қазақстан бойынша барлығы 1 395 280 коронавирус инфекциясы және 90 240 пневмония жағдайы тіркелді.

12 қарашадағы жағдай бойынша 796 адам (639 КВИ+ және 157 КВИ-) ем қабылдап жатыр, оның ішінде 79 адам стационарда, 717 науқас амбулаторлық емделуде. 7 науқастың жағдайы ауыр, 2 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама