×

Алматының кейбір көшелері жабылады

Жарыс «Астана» алаңынан басталады

 Динара Амантай 11.11.2022 | 11:15
Фото: Александр ЗИНЧЕНКО

13 қарашада Алматының кей көшелері жабылады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жексенбі, 13 қараша күні «City Run 2022» қалалық жарысы өтеді. Бұл күні сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жерлердегі жолдағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жарыс «Астана» алаңынан басталады. Спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылған – 10 және 5 шақырым скандинавиялық жүріс.

10 шақырым қашықтықтарында жас санаттарындағы жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медаль беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама