×

«Өмір сүруден шаршадым»: Павлодарда ер адам өз-өзіне қол жұмсады (ВИДЕО)

Оның бұл қадамға баруының себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 10.11.2022 | 12:19
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 11.16-да Ақтоғай ауданының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қуаныш Қабдрахманов үйлердің бірінің ауласында мойын тұсынан пышақ сұғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды байқаған. Оған жүгіріп жеткен полиция қызметкері бірден қолындағы пышағын алып, жедел жәрдем шақырып, ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ер адамды әңгімеге тартып, тыныштандыруға тырысқан.

58 жастағы ауыл тұрғыны ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның бұл қадамға баруының себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама