×

Астанада жергілікті тұрғынды тонаған шет елдің азаматы ұсталды

Ол ер адамның қолынан барсеткасын жұлып алып, қашып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 17:34
фото: ашық дереккөз

Астанада қала тұрғынын мойнынан қылқындырып, тонап кеткен шетелдік азамат ұсталды.

Полицияға Астана қаланың 60 жастағы тұрғыны 690 мың теңге сомасында ақшасын ұрлатып алғаны туралы хабарласты. Ол полицияға Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханада белгісіз біреудің тонап кеткенін айтты. Тепргеу кезінде анықталғандай, кафенің қызметкері клиенттен тапсырыс алып жатқанда оның барсеткасында қолма-қол ақша болғанын көрген. Содан кейін кафенің қызметкері одан ақшаны алу үшін оның соңынан сыртқа шығып, мойнынан қылқындыра бастаған. Одан әрі қаскүнем ер адамның қолынан барсеткасын жұлып алып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру кезінде Алматы ауданының жедел қызметкерлері Қарағанды қаласында тонау қылмысына қатысы бар күдікті азаматты ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады.

Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның Астанада жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама