×

Telegram-нан мұғалімдердің құқығы бұзылғанын хабарлайтын чат ашылды

Мамандар өтініштерге жедел түрде жауап береді

 Еркеғали Болатұлы 09.11.2022 | 12:40
фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Педагогті қорғау» Telegram чатын іске қосты деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқығының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы.

«Telegram-дағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазір педагогтер күніне тек екі құжатты ғана, яғни сынып журналы мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын толтыруы керек.

Осы орайда, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама