×

«Тұңғыш Президент- Елбасы» заңы жылдың соңында жойылады

Оның процедуралық мәселесі шешіліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 11:59
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров «Тұңғыш Президент – Елбасы» заңының күшін жою мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.

Ол депутаттарға аталған заң туралы сұрақтар жиі қойылатынын, бұл мәселемен негізінен салалық комитеттің айналысып жатқанын айтып, заңның күші жылдың соңында жойылатынын хабарлады.

«Депутаттарға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның тағдыры жөнінде көптеген сұрақ қойылуда. Бұл мәселе қазір профильді комитетте қарастырылып жатыр. Жылдың аяғына дейін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жою мәселесі Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне дауыс беруге қойылады», – деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама