×

Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген

Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы әлі де өзекті

 Еркеғали Болатұлы 08.11.2022 | 17:37
фото: ашық дереккөз

Өскеменде мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов мәлімдеді.

Педагогтерді мұғалімге тән емес функцияларға тарту проблемасы да өзектілігін жоғалтпай тұр. Бүгінде біздің департаменттерде барлығы 182 факті тіркелген. Оның 93-і бойынша әкімшілік іс қозғалса, 100 факті аумақтық департаменттер жанындағы консультативтік кеңесші органдарда қаралып жатыр, - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, осы аптада өз атына ШҚО Өскемен қаласы №46 мектебінің педагогінен арыз түскен.

Мектеп директоры мұғалімді еден жууға мәжбүрлеген. Қазір осы факті бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр. Мектеп басшылығының кінәсі дәлелденген жағдайда әкімшілік жаза қолданылады, - деді Ернұр Дауенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысының Байзақ ауданында мектеп мұғалімінің оқушыларға өз көлігін жуғызып жазалағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама