×

Шынайы оқиғаға негізделген «Үміт сәулесі» фильмінің түсірілімі аяқталды

Фильм авторлары бұл туынды арқылы қиын жағдайда қалған әрбір азаматты жігерлендіруді мақсат еткен

 Халық үні 07.11.2022 | 11:39
Фото: DALA cinema

Спорт тақырыбындағы өмірде болған оқиғаға негізделген драма «Үміт сәулесі» қысқаметражды фильмінің түсірілімі аяқталды.

Фильмді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» тапсырысы бойынша DALA cinema компаниясы түсірді.

Автобиографиялық фильм Қазақстанның халықаралық парадзюдодан спорт шебері Ерғали Шамей жайлы оқиғаға негізделген.

Фильм продюсері Жалын Тілеубергеннің айтуынша, фильмде Моңғолияда туған қандас Ерғалидің көзі көрмейді.

«Бірақ өмірге деген құлшынысын жоймаған спортшы «үміттің сәулесін» ешқашан сөндірмеу керек екенін айтады. Жоба авторларының мақсаты – көрерменге мотивация беру, биіктерді бағындыруға сенім ұялату, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу», - дейді Жалын Тілеуберген.

Фильм авторлары бұл туынды арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды ғана емес, өмірдің қиындығымен бетпе-бет келген әрбір жанды жігерлендіруді мақсат еткен.

«Өмірдің ауыртпалығынан амалы таусылған адамға үміт сәулесін сыйлағымыз келеді», - дейді фильм авторлары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама