×

Маңғыстауда 185 келі марихуана тәркіленді

Бұл есірткі оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысы аумағына одан әрі өткізу мақсатында әкелінген 

 Халық үні 28.02.2022 | 11:00

25 ақпанда Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында орналасқан өнеркәсіптік аймақ аумағында «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қоймадан ГАЗель көлігіне жүк тиеген үш адамды ұстады.

Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде ГАЗель көлігінің бортынан жалпы салмағы 185 келі 980 грамм сары түсті марихуана есірткі заты бар сегіз картон қорап табылып, тәркіленді, – дейді полиция.

Бұл есірткі оңтүстік облыстардан Маңғыстау облысы аумағына одан әрі өткізу мақсатында әкелінген.

«38 жастағы әйел мен 28 және 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді», – делінген ақпаратта.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті жедел-тергеу іс-әрекеттері жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама