×

Тараздық әйел TikTok-тағы видеосы үшін жауапқа тартылды

Жалаға жазықсыз іліккен ер адам сотқа арыз түсірген

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2022 | 10:42
фото: Shutterstock

Тараз қалалық сотында TikTok-тағы видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы «Знамя труда» басылымы хабарлады.

Атап айтқанда, Тараз тұрғыны өзінің TikTok-тағы парақшасында «Көршілерім – ұрылар» деген видео жариялаған.

Ал жалаға жазықсыз іліккен ер адам сотқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі («Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу») бойынша арыз түсірді.

Жәбірленуші құқықбұзушыны жазалауды талап етпей, соттан онымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан ол айыптау бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама