×

Ресей мен Украина тұтқындармен алмасты (ВИДЕО)

Олардың көпшілігі жараланған

 Динара Амантай 05.11.2022 | 16:35
Фото: aif.ru

Киев пен Мәскеу 107-ге 107 формуласы бойынша тағы да тұтқындарды алмастырды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі trtnarusskom арнасына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Ресей мен Украина 107-ден 107-ге формула бойынша соғыс тұтқындарын кезекті рет алмастырды. Олардың көпшілігі жараланған. Азат етілген украиндықтардың арасында Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының 74 қорғаушысы, оның ішінде Азов полкінің жауынгерлері бар.

Бұған дейін 29 қазанда Киев пен Мәскеу 50-ден 52-ге дейінгі формула бойынша тұтқындармен алмасқан. Ең көп тұтқын алмасу 21 қыркүйекте болды. Ол кезде Украина ресейшіл саясаткер және олигарх Виктор Медведчук пен 55 әскери қызметкерді 205 азаматы мен 10 шетелдікке айырбастаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама