×

Бір адамның салғырттығынан екі адам қаза тапты – прокуратура

Жасөспірім қыз бен оның анасы уланған

 Еркеғали Болатұлы 04.11.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөз

Ақтауда ер адам досының пәтерін Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынған «Квикфос» уымен жәндіктерден дезинсекциялап берген. Салдарынан көрші пәтердегі жасөспірім қыз бен оның анасы уланып, қаза тапты деп хабарлады «Лада».

Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дезинсекция кезінде түссіз улы газ – алюминий фосфиді ауаға тарап, салдарынан көрші пәтердің тұрғындары – жасөспірім қыз бен оның анасы уланған. Осылайша, бір адамның салғырттығынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Кінәліге ҚР Қылмыстық кодексі 304-бабының 3-бөлігі («Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелерді бұзу») бойынша айып тағылды.

Қадағалау органы тұрғын үй-жайларды жәндіктерден тазарту кезінде мамандандырылған ұйымдарға хабарласу керектігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама