×

Бахтиер Зайнутдинов 6 млн еуроға «Аталанта» клубына ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ЦСКА-да 2020 жылдан бері ойнап келеді.

 Дастан Жұмабекұлы 03.11.2022 | 17:40
фото: prosports.kz

Италияның «Аталанта» клубы Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр.

Бергамо қаласының командасының скауты отандасымызды сырттай бақылап жүрген көрінеді. Бұл туралы итальян журналисі Николо Скира хабарлады. 

Сонымен бірге, ЦСКА Зайнутдинов үшін бес-алты млн еуро сұрап отырғаны да белгілі болды. 

24 жастағы Зайнутдинов Мәскеу командасында 2020 жылдан бері ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ол 13 матч ойнады. Ресейде Бахтиер «Ростов» үшін, ал Қазақстанда «Тараз» бен «Астанада» доп тепкен. Ал «Аталанта» клубы «А» сериясында 12 матчта 27 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама