×

Супермаркеттегі күріш зиянды болуы мүмкін – маман кеңесі

Күріш құрамында зиянды мышьяк қосылыстары көп кездеседі

 Ая Өміртай 01.11.2022 | 12:29
Сурет: ашық дереккөзден

Күріш – зиянды мышьяк (күшәла) қосылыстарын топырақтан көп сіңіретін өсімдіктердің бірі. Сондықтан сатып аларда абайлаған жөн, деп хабарлайды Halyq Uni.

АҚШ-тағы химик-инженер, тағам-дәрумен талдау бойынша маман Ербол Абайұлы күріш таңдауда қажет бірнеше кеңес ұсынып отыр. Маманның айтуынша, күріш топырақтан мышьяк қосылысын көп сіңіретін болғандықтан, дақыл құрамында мышьяктың зиянды мөлшері көп жинақталады. Ал мышьяктан уланған жағдайда құсу, іш ауруы, орталық жүйке жүйесінің депрессиясы байқалған.

Сол үшін органикалық талаппен өсірілген күрішті тұтынған абзал. Өкінішке қарай, органикалық күріш көпшілікке қолжетімді емес. Көбіне шетелден келетін iherb сайты арқылы сатылып жатады. Алайда мұндай ақпараттың халық арасында кең тарауы нарықтағы органикалық өнімдердің түрін көбейтіп, бағасының арзандауына себеп болады. Өзге дақылдарға қарағанда мышьяк қосылысын көбірек сіңіретін болғандықтан, агрохимикаттармен уланған аймақтарда өскен күріш құрамында мышьяк қосылыстары көп болады. Супермаркеттен күріш алар кезде осы ақпаратты есте сақтаған жөн, – деп түсіндірді Ербол Абайұлы.

Оның айтуынша, елімізде кең таралған «Баракат», «Ақмаржан», «Элита», «Лидер» сынды күріш сұрыптарының құрамына мышьяк мөлшерін анықтайтын тексеру жасалмайтын болғандықтан, нақты мәлімет жоқ.

Одан бөлек, маманның айтуынша, қоңыр күріш ақ күріштен де пайдалы болып саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама