×

Иранда 725 кг героин тәркіленді

Бұл –  Ормузган провинциясында соңғы 10 жылда тәркіленген есірткінің ең үлкен партиясы

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 11:46
фото: ашық дереккөз

Иран полициясы елдің оңтүстігіндегі Ормузган провинциясында жүктен табылған 725 кило героинды тәркіледі.

IRIB ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл –  есірткінің Ормузган провинциясында соңғы 10 жылда тәркіленген ең үлкен партиясы.

Провинция полициясының басшысы Ғоламреза Джафаридің айтуынша, ұсталған екі контрабандашы 723 пакет героинді тіркемеге жасырған. 

Бұл елде есірткіні сатумен, оны сақтаумен айналысатын адам өлім жазасына кесіледі. 2007 жылы Тегераннан 100 шақырым жерде орналасқан Хорасан провинциясында 17 адам дарға асылған болатын. Қолда бар мәліметке қарағанда, Иранда жыл сайын Ауғанстаннан жеткізілетін героинның кесірінен 90 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді болып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама