×

Бокс: Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та шаршы алаңға шығады

Спортшы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 11:20
фото: ашық дереккөз

Қараша айында боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Ол 5 қараша күні Миннеаполис қаласында Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады.

Бұл - оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Қазір Абылайхан Жүсіпов пен Айдос Ербосынұлы АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Айта кетсек, Абылайхан Жүсіпов - әуесқой бокста Қазақстанның ұлттық құрама командасының капитаны болып, 3 мәрте әлем чемпиоантының қола жүлдегер атанған.

Ал Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама