×

Қарағандыда 25 жастағы жігіт такси жүргізушісін пышақтап тастаған

Күдікті жол ақысына байланысты келіспеушілік туындағанын айтқан

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 16:01
фото: ашық дереккөз

Қарағанды қалалық ПБ Киров полиция бөліміне Учительская көшесінен бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына облыстық ПД және қалалық ПБ жедел-тергеу топтары жіберілген. Олар жәбірленушінің такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін анықтады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып отыр.

Күдікті жол ақысына байланысты келіспеушілік туындағанын, жанжал барысында өзінің жүргізушіге пышақ жарақатын салғанын мойындаған.

«Кейін күдікті таксиді айдап кетіп, оны ЖБИ шағын ауданына барар жолдағы теміржол өтпесінің жанына тастап кеткен. Қылмыс қаруы – пышақ тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полицейлер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама