×

СҚО-да мектеп асханаларынан ішек таяқшасы табылды

169 мектептің жартысына жуығынан санитарлық талаптарды бұзушылық деректері анықталды

 Динара Амантай 29.10.2022 | 11:50
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектеп асханаларынан санитарлық дәрігерлер ішек таяқшасын анықтаған деп хабарлады Halyq Uni тілшісі astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

СҚО-да Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары 169 мектептің асханаларына тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде тексерілген нысандардың жартысына жуығы рецепт пен технологияны сақтамай балаларға тамақ дайындағаны белгілі болды.

Кәсіпкерлерге жалпы сомасы тоғыз миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Ішек таяқшасының бар болуын анықтау үшін 2792 жуғыштар, жуу және дезинфекциялау сапасын тексеру үшін тамақ беру жабдықтары мен ыдыстары алынды. 122 затта ішек таяқшасы анықталды. Яғни, дезинфекциялау нормалары сақталмаған. Сонымен қатар, ас мәзірін құрастыру кезінде балалардың физиологиялық қажеттіліктері ескерілмеді. Талдау көрсеткендей, мектептердің көпшілігінде оқушылар көмірсулармен қоректенеді немесе оларға тағам аз мөлшерде беріледі, – деді Солтүстік Қазақстан облысы СЭБД басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама