×

Нэнси Пелосидің жұбайына шабуыл жасалды

42 жастағы күдікті ұсталды

 Динара Амантай 29.10.2022 | 10:18
Фото: ашық дереккөз

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің күйеуіне Сан-Францискодағы үйінде шабуыл жасалды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, evronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 82 жастағы Пелоси ауруханаға жеткізілген. Шабуылдаушы ұсталып, оған айып тағылды.

Осыған дейін америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шабуылдаушының көздегені спикердің өзі болғанын, алайда оның шабуыл кезінде үйде болмағанын жазған еді.

Жұма күні кешкісін полиция шабуыл жасаған адамның кім екенін айтты. Ол 42 жастағы Дэвид Депейп.

Сан-Францисконың полиция бастығы Уильям Скотт шабуылдаушыға қару қолданып, кісі өлтіруге оқталу және өзге де бірнеше қылмыстық әрекет бойынша айып тағылатынын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама