×

Ресей ядролық соғыстың басталу сәтіне орай жаттығу өткізді

Путин соңғы үш жылда бірінші рет стратегиялық күштермен жиын өткізді

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2022 | 15:20
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин жаппай ядролық соғыстың бастапқы кезеңі үшін жаттығу жиынын өткізді.

Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

2018 жылы ядролық соғыс бола қалған жағдайда ресейліктер «жұмаққа аттанады» деп уәде берген Владимир Путин соңғы үш жылда бірінші рет стратегиялық күштермен жаттығу жиынын өткізді, – делінген хабарламада.

«Найзағай-2022» жаттығуға Ресейдің барлық ядролық қару-жарақтары тартылған. Бас штабтың бастығы Валерий Герасимовтың айтуынша, олардың сапында континент аралық оқтұмсықты баллистикалық ракеталарды ататын РВСН «Ярс» ракета кешені, «Синева» баллистикалық ракеталарымен қаруланған Солтүстік флоттың «Тула» сүңгуір қайығы, сондай-ақ екі Ту-95 ракета тасығышы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама