×

Депутаттар Үкіметтен жүргізуші куәлігін алу талабын күшейтуді сұрады

Биыл апат салдарынан 2 мың адам көз жұмып, 18 мыңы жарақат алған

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 14:46
фото: ашық дереккөз

Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкіметке жүргізуші куәлігін алғаш рет алатындарға онлайн форматта дайындалуға тыйым салу керек деген ұсыныс жасап, сауал жолдады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың айтуынша, емтиханға үйден дайындалу туралы өзгеріс 2016 жылы енгізілген. Өткен 6 жылда жол апаттарының саны күрт ұлғайды. Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 9 пайызға жетіп, 13 мыңнан аса оқиға тіркелген. Салдарынан 2 мың адам көз жұмып, 18 мыңы жарақат алды.

Жүргізушілердің көбі жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Болашақ жүргізушілерді дайындаудың орнына сертификаттар табыстап жүрген автомектептер де қаптап кеткен.

Мәселен, қазір елде 747 осындай оқу орталығы бар екен. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін депутаттар жауапты органдардың емтиханға дайындау стандарттарын тез арада өзгертуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама