×

Ауыл мектебін көрген депутат Білім министріне жеке мемлекеттік бағдарлама керегін айтты

Снежанна Имашева БҚО-да жұмыс сапарымен жүр

 Халық үні 24.02.2022 | 09:48
фото: facebook

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен келіп, Бөрлі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарын аралады. Бүгін Бәйтерек ауданындағы Новенький, Достық, Макаров ауылдарының мектептерін көзімен көрген депутат әсерін Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Сарайға көбірек ұқсайтын білім ордаларында болдым. Жартылай апатты жағдайдағы қираған ескі ғимараттардың төбесі мынадай. Қабырғалары жарылған, көгерген. Дәл осындай мектеп күн сайын балаларды қабылдайды.

 мынадай төбелерімен, жарылған қабырғаларымен, көгерген бұрыштарымен және едендерімен күн сайын балаларды қабылдайды. Мүмкін балалар мұндай қараңғы жерге барғысы келмейтін шығар, бірақ білім алу үшін амалдың жоғынан барады. Бір мектепке мыңға жуық, біреуінде алты жүзге жуық, енді бірінде елу оқушы оқып жатыр. «Сананы тұрмыс билейді». Егер осы постулатты ұстансақ, онда балалардың білімі өздерінің мектебі сияқты болса керек-ті. Алайда мұндағы оқушылар бұл мектептердің жағдайына қарамастан көбісі үздік оқиды, әртүрлі олимпиадалардың жеңімпазы, жоба жеңімпаздары, тіпті чемпиондар бар екен. Мұғалімдерге тағзым!», - деп жазды ол.

Мәжіліс депутаты бізге мектептерді жаңғырту, қайта құру, жөндеу және салу жөніндегі жеке мемлекеттік бағдарлама қажеттігін айтып Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жүгінді. Әкімдерге ғана үміт артып артуға және олар қажетті қаражатты тапқанша күтуге болмайтынын жеткізді.

Нұрлыбек Рахманов, БҚО

Серіктес жаңалықтары

Сараптама