×

Президенттіктен үміткер Қарақат Әбден Қосшы мен Қояндыға барды

Ауыл тұрғындары елді мекендегі өзекті мәселелерді ортаға салды

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 15:35
фото: ашық дереккөз

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындармен насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.

Қосшы қаласындағы сайлаушылармен кездескеннен кейін Қарақат Әбден Қоянды ауылына барды. Ауыл тұрғындары елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту, су тапшылығы мен автобус бағдарлары сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.

Осында келгелі су болған жоқ. Құдық қазып, су қайнатамыз. Келесі жылы бұл мәселе шешімін табады деп сенеміз. Сондай-ақ бізге қатынайтын автобустардың бағдарын базарға дейін жеткізу мәселесі бар, - деді тұрғындар.

Еске сала кетсек, Қазасқтан президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама