×

Алматыда шетелдік азамат жолаушыларды заңсыз тасымалдаған

Жұмыс берушіге де қатысты әкімшілік шаралар қолданылды

 Еркеғали Болатұлы 20.10.2022 | 09:53
фото: ашық дереккөз

Соңғы 8 күнде қала бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Алматыда Өзбекстан Республикасының 1995 жылғы азаматы танымал ресурсқа тіркеліп, жолаушылар тасымалымен айналысқан. Оны Түрксіб аудандық көші-қон қызметінің өкілдері анықтады.

Заңға қарсы әрекет еткен шетелдікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберілді. Сондай-ақ жұмыс берушіге де қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.

Жалпы, соңғы 8 күнде Алматы қаласы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен 70 шетелдік ел аумағынан шығарылса, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 33 жұмыс берушіге айыппұл салынып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама