×

Kids Go Free-дің көмегімен 2 мыңнан аса отбасы ел ішінде демала алатын болды

Бағдарлама отбасылық бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді

 Динара Амантай 19.10.2022 | 16:42
Фото: egemen.kz

Әлемдік тәжірибеде балалар әуебилеттерін субсидиялау жауапкершілігін өз мойнына алған мемлекет жоқ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

Министр туристік саланы қолдау мақсатында мемлекет тарапынан енгізілген тетіктер мен мүмкіндіктерге тоқталып өтті.

Kids Go Free – отбасылық туризм бағдарламасы әлемдік тәжірибеде алғаш рет енгізілген бірегей жоба. Өзге елдер отбасылық саяхаттың, ішкі туризмнің дамуы бойынша мұндай жағдай жасамайды. Kids Go Free тек отбасылық саяхатты жоспарлау, балалармен бірге ел ішінде демалу мәдениетін қалыптастыруға ғана емес, отбасылық бюджеттің үнемделуіне де мүмкіндік туғызады. Бағдарламаның арқасында біз туроператорлардың қызметіне деген сұранысты да ынталандырдық әрі туристік агенттердің, гидтердің және экскурсоводтардың белсенділігі артқанын байқаймыз, – деп атап өтті министр.

Қазір бағдарлама аясындағы мүмкіндікті 600-ден аса отбасы пайдаланды, яғни 2 мыңнан аса адам ұйымдастырылған туризм аясында ел ішінде демалуға мүмкіндік алды.

Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама