×

Астанада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті

Бағдаршам дизельді генераторлық құрылғының істен шығуы салдарынан тоқтан ажыратылған

 Динара Амантай 19.10.2022 | 15:55
Фото: polisia.kz

Астанада жол талғамайтын көлік 16 жастағы қызды қағып кетті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 7.49-да Range Rover автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Тұран даңғылы жағынан Е-32 көшесімен Е-15 көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 16 жастағы қыздың бағдаршам жұмыс істемей тұрған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқаны белгілі болды.

Бүгін «СМЭУ Астана» ЖШС күнделікті айналып өту кезінде аталған қиылыстағы бағдаршамның дизельді генераторлық құрылғының істен шығуы салдарынан тоқтан ажыратылғандығы анықталды. Тексеру барысында ақаулар жойылды және сағат 7:55-те бағдаршам тоққа қосылды, – делінген хабарламада.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама